“Кәсіби инженерлер-консультанттар
Қазақстандық ұлттық қауымдастығы”
қаз рус eng

О нас - КИКҚҰҚ

 «Кәсіби инженерлер-консультанттар Қазақстандық ұлттық-қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Оның төрағасы Кришна Шаран Чакхун болып табылады, ең алдымен қауымдастыққа, ұйымға қатысушылардың ғылыми-техникалық әлеуетін біріктіру, ақпараттар мен идеялар алмасу, қатысушылардың мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарымен өзара әрекеттесу үшін құрылды.

Қауымдастықты құрудың басты себептері инфрақұрылымды дамыту болып табылады, себебі дәл осы факт ірі мемлекеттердің даму негізі болып табылады, осыдан әлемдік деңгейге сәйкес болу үшін инженерлік саланы дамытуды жеделдету қажеттілігі туындайды, сондай-ақ шетелдік инженерлермен ірі инфраөқұрылымдық жобаларда бәсекелесуге қабілеттілігі аса маңызды фактор болып табылады, бұл инжиниринг саласында жұмыс орындарының көбеюіне әкеп соғады және жоғары біліктілікті талап етеді.

Қауымдастық басшылыққа алатын негізгі принциптер ретінде мыналарды атап көрсету қажет: 

- Қауымдастыққа қатысушылар арасында өзара келісілген әлеуметтік саясат қалыптастыру. Кадрлық әлеуетті әлеуметтік қорғау, оқыту және дамыту мәселелерін қоса алғанда.

- Қауымдастыққа қатысушыларға құқықтық, әдістемелік, консультациялық және өзге де мүмкін көмек көрсету.

«Кәсіби инженерлер-консультанттар Қазақстандық ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі оған жаңа қатысушылардың – заңды тұлғалардың – Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің кіруі үшін ашық. Сондай-ақ Қауымдастық ФИДИК-пен ынтымақтастықта жұмыс атқарады. Бұл қазақстандық инжинирингтік сала үшін қосымша мүмкіндік.



Астана қ., Манатау к-сі, 21, 3-каб.

+7 777 576-45-66
+7 7172 57-83-53

knapec@bk.ru