Артқа қайту

Түркия – Ұлыбритания Инфрақұрылым және аймақ ынтымақтастық форумы 2025

2025-11-09 03:04:10

2025 жылғы 17 қыркүйекте Ыстанбұл қаласында Түркия – Ұлыбритания Инфрақұрылым және аймақ ынтымақтастық форумы өтті. Қазақстандық делегация құрамында «Қазақстанның кәсіби инженерлер мен консультанттар ұлттық қауымдастығының» директоры Жандос Аманбаев қатысты.
Форумға Түркия, Ұлыбритания, Қазақстан, Өзбекстан және Сербия өкілдері жиналды. Үшінші елдермен ынтымақтастық, инфрақұрылымдық жобаларға қаржылық шешімдер және цифрлық құрылыс үрдістері талқыланды. Қазақстанның инфрақұрылымдық жоспарларын Қазақстан Құрылысшылар одағының өкілі Тимур Нұртаев таныстырды. Шақыртуы мен қолдауы үшін Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің Сауда және бизнес департаментіне (DBT) алғыс білдіреміз.