Қауымдастықтың мақсаты:
Қатысушылардың ғылыми-техникалық әлеуетін біріктіру. Бәсекеге қабілетті инженерлік кадрлық резервті қалыптастыру;
Ақпарат пен идеялармен алмасуды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасын халықаралық аренада (FIDIC) таныстыру.
Қазақстан Республикасының атқарушы органдарымен Қатысушылардың мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша өзара әрекеттесу.
Қазақстанда ірі халықаралық жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңінен бастап, жергілікті инженерлік кадрлық әлеуетті дамыту қажеттілігі айқын болды.
Канада, Ұлыбритания, Корея, Италия және басқа да дамыған елдерден тартылған инженерлермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие болу үшін
қазақстандық кадрлар халықаралық стандарттарды меңгеріп, ФИДИК нұсқаулықтарын қолдану ережелерін түсініп, оқуды жалғастырып, біліктілікті арттыруы қажет болды.
«Кәсіби инженерлер – консультанттар Қазақстандық ұлттық қауымдастығы» жергілікті кадрлық әлеуетті дамыту үшін барлық мүмкін күш-жігерін салады.
2017–2018 жылдары FIDIC-тің әлемдік сарапшыларын тарта отырып, оқыту семинарлары өткізілді.
Қазіргі уақытта инженерлердің мүмкіндіктерін кеңейту және өз әлеуетін дамытуға ынталандыру үшін инженерлердің дерекқоры құрылды
http://base.tk-sit.kz/base/
Бұл база тіркеуге ашық, онда инженерлердің біліктілігі, тәжірибесі және жетістіктері көрсетіледі. Бұл ақпарат Комитет автомобильных дорог, АО НК «ҚазАвтоЖол» сияқты негізгі ірі тапсырыс берушілер үшін индикатор ретінде қызмет етеді.
Ірі мемлекеттердің дамуының негізі – инфрақұрылымды дамыту. Осыған байланысты инженерлік саланы әлемдік деңгейге сай дамыту қажеттілігі туындайды.
Ірі инфрақұрылымдық жобаларда шетелдік инженерлермен бәсекелестік инженерия саласында жұмыс орындарының артуына алып келеді және жоғары біліктілікті талап етеді.
Біздің менеджер сатып алу туралы мәліметтерді талқылау үшін сауалнаманы толтырғаннан кейін сізбен байланысады.