«Қазақстандық кәсіби инженерлер мен кеңесшілер ұлттық қауымдастығының» президенті Улан Тоқтарбайұлы Әліпов 2025 жылғы 24–25 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Төртінші Халықаралық Орталық Азия Жол конференциясы – CARC 2025-те сарапшы ретінде сөз сөйлейді.
Улан Тоқтарбайұлының баяндамасы 1-сессияда: «Болашақ жолдары – жаһандық үрдістер, тұрақтылық және цифрландыру» тақырыбында өтеді.
« Қазақстандық кәсіби инженерлер мен кеңесшілер ұлттық қауымдастығы» CARC @carc_indortech бастамаларын қолдайды, өйткені бұл конференция кәсіби диалогтың маңызды алаңы, инновациялық шешімдердің көрмесі, жол құрылысы саласындағы өзекті тақырыптар бойынша пайдалы пікірталастар мен саланың болашағына көзқарас болып табылады.