Артқа қайту

ICC-FIDIC Conference on International Construction Contracts and Dispute Resolution конференциясы

2025-11-09 03:22:02

«Қазақстанның Кәсіби Инженерлер мен Консультанттар Ұлттық Ассоциациясы» ЗТБ директоры Жандос Аманбаев құрылыс саласындағы келісімшарттық құқық пен дауларды шешудің озық тәжірибелері талқыланған маңызды халықаралық іс-шара — ICC-FIDIC Conference on International Construction Contracts and Dispute Resolution конференциясына қатысты.
Конференцияда саладағы жетекші сарапшылар —
Alfredo Ingletti (FIDIC президенті), Eduardo Silva-Romero (ICC Institute of World Business Law төрағасы), Alya Ladjimi (ADR Counsel, ICC International Centre for ADR, Париж) және басқа да танымал мамандар сөз сөйледі.
Олар халықаралық келісімшарттар, дауларды шешу және FIDIC келісімшарт нысандарын қолдану бойынша соңғы үрдістермен бөлісті. Сондай-ақ талап қою мерзімдері тақырыбында Оксфорд стиліндегі пікірталас өтіп, тараптар өз уәждерін «жақтап» және «қарсы» бағыттарда ұсынды.
Қазақстандық қауымдастықтың мұндай іс-шараларға қатысуы кәсіби байланыстарды нығайтып, дауларды шешу, төрелік тәжірибесі мен инфрақұрылымдық даму саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал етеді.