" Кәсіби инженерлер – консультанттар Қазақстандық ұлттық қауымдастығы" ЗТБ, "Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС, "ҚазжолҒЗИ" АҚ өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Сиэттл қаласында өткен Lifesavers жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша АҚШ-тың жыл сайынғы ең ірі конференциясына қатысады, ол биыл 41 рет өтті. Конференция 2-4 сәуірде өтті, спикерлер американдық университеттердің жетекші ғалымдары, Федералды Үкіметтің өкілдері, әртүрлі Штаттардың Көлік департаменттері, сондай-ақ тәжірибешілер мен белсенділер болды.
Ғалымдар соңғы зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті, олардың кейбіреулері бойынша белгілі бір Штаттардың үкіметтері шешімдер мен әрекеттер қабылдады, ал басқа зерттеулер тек жарияланды.
Мемлекеттік қызметкерлер мен шешім қабылдаушы саясаткерлер жолдардағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайтудың сәтті жағдайларымен бөлісті, сонымен бірге қажетті нәтижелерге қол жеткізуге әрдайым мүмкіндік бермейтін негізгі проблемалар мен кедергілер туралы айтылды.
Соңғы жетістіктерді есту жіне қатысу мүмкіндігі қазақстандық мамандар үшін біздің еліміздегі жаңалықтарды қабылдауға және сынап көруге бірегей мүмкіндік болып табылады, өйткені жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері және онымен байланысты салдарлар АҚШ-та да, Қазақстанда да және әлемде де өзекті болып табылады.